Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
background_img.png?_=1716539130

АОМА-ның Жарма филиалы

 
  • Рахимов Бекқазы Айтқазыұлы



        Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының директоры Рахимов Бекқазы Айтқазыұлы Семей облысы, Жарма ауданы, Георгиевка ауылында 1975 жылы 11 тамызда дүниеге келді. Ұлты қазақ. Алғашқы еңбек жолын 16 жасында Жаңғызтөбе совхозында жұмысынан бастады.
         1993 жылы «Семей» универститетінің күндізгі бөліміне оқуға түсіп, «мал дәрігерлік медицина» мамандығы бойынша 1998 жылы бітіріп шықты.
         2000-2003 жылдарда Жарма аудандық халықты әлеуметтік қорғау бөлімінде жүргізуші болып жұмыс істеді.
         2002 жылы Талдықорған заң колледжіне оқуға түсіп, 2003 жылы құқықтану мамандығы бойынша толық курсын бітіріп шықты.
         2003 жылы осы бөлімнің кемтар балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.
         2004 жылы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жарма ауданындағы бөлімшесіне орта санаттағы аға маман болып жұмыс істеді.
        2010 жылдың шілде айында азаматтық қызметшілерді аттестациядан өткізу шарттары және ережесімен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 233-бабына сәйкес, аттестация қорытындысы бойынша жоғары біліктілік санаты берілді.
         Осы қызметті 2010 жылдың 27 шілдесіне дейін атқарды.
         2010 жылдың 27 шілдесінде ШҚО Жарма ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры міндетін атқарушы болып тағайындалды.  
         2010 жылдың 14 қазанында ШҚО Жарма ауданы мемлекеттік мұрағатының директоры болып тағайындалды.
         2013 жылы Семей қаласындағы «Қайнар» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
        Отбасылық жағдайы – үйленген, үш баласы бар.
        Қызығушылығы – спорт, аңшылық.

    Лауазымдық міндеттері:

    -аудан аумағында архив ісі және құжаттамалар саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады;
    -архив қызметінің барлық бағыттары бойынша архивқа сақталуға тапсырылатын құжаттардың қабылдануын, құндылығын сараптауды, есепке алуды, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуді, пайдалануын ұйымдастыруды бақылайды және басшылық жасайды;
    -архивтер және құжаттама басқармасының нормативтік актілері мен шешімдерін, тапсырмаларын, жоғарғы органдардың шешімдері мен тапсырмаларының уақытылы орындалуын қамтамасыз етеді;
    -қаржы, еңбек және техникалық ресурстардың мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз етеді;
    -архив саласы бойынша заңды және жеке тұлғалармен келісімдер, шарттар жасайды және оның орындалуына бақылау жасайды;
    -архив қадрларын іріктеу және орналастыруды жүзеге асырады, архив қызметкерлерін қабылдайды және жұмыстан босатады;
    -азаматтардың құқығын қамтамасыз ету және заңды мүддесіне қатысты әлеуметтік-құқықтық сипаттағы құжаттарды талап ету жайында шетелден түскен сұраныстарды бақылайды;
    -азаматтарды қабылдау және өтініштерін қарауды іске асырады.

    Азаматтарды қабылдау күні және уақыты:
     Дүйсенбі-жұма 9-00-18-00

    Жұмыс телефоны: 8(72-347) 6- 55-69

"АОМА"-ның Жарма филиалы  

    Жарма аудандық әкімшілігінің аудандық мұрағаты Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка селосында аудандық әкімшілік басшысының 1992 жылғы 26 тамыздағы  № 169 қаулысымен құрылған.
      Семей және Шығыс Қазақстан облыстарының, Шар және Жарма аудандарының бірігуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысы әкімінің 1997 жылғы 1 қазанда № 1-125р өкімімен мұрағаттың Шар бөлімшесі мен Жарма бөлімін біріктіру арқылы облыстық архивтің Жарма филиалы құрылды.
    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 07 мамырдағы № 65 қаулысымен ШҚО архив және құжаттама басақрмасының «Жарма ауданының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды.
    Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 10 қаңтардағы № 2 қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы архивтер және құжаттама басқармасының «Мемлекттік архив» мемлекеттік мекемесінің Жарма  филиалы болып қайта құрылды.
2013 жылдың 18 қазанында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарма филиалы болып қайта құрылды.
      2020 жылы Шығыс Қазақстан облысының цифрландыру және архивтер басқармасының «Мемлекеттік архив» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Жарма филиалы болып қайта құрылды
     2022 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылдың 4 мамырдағы №887 Жарлығымен Абай облысы құрылғандықтан, Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалы болып қайта құрылды.
 
                                   Қорлар мінездемесі

     Абай облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалында - 310 қор, 92948 сақтау бірлігі сақталуда. Оның ішінде басқару құжаттары-62219 сақтау бірлігі, жеке текті құжаттар-13 қор, 840 сақтау бірлігі, жеке құрам бойынша-29889 сақтау бірлігі.

«Абай облысы мемлекеттік архиві» Жарма филиалында аудандық атқарушы биліктің тұрақты сақталатынын құжаттары бар. Олар: Жарма ауданының әкім аппараты, Жарма аудандық маслихаты, Жарма ауданының аппараты, жиырма екі ауылдық аймақты әкімдерінің, ауыл шаруашылығы, халыққа білім бері басқармасының, денсалық сақтау бөлімдерінің құжаттары.
   Сонымен, қатар архивта сақталымға өткізілген жеке текті құжат қорлары бар: Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің біріктірілген қоры, Оқу ісінің үздіктері, ҚазССР еңбек сіңірген қайраткерлерінің құжаттары.
Мемлекеттік архивте ауданның мекемелері, ұйымдары, кәсіпорындары қызметкерлерінің құжаттары да сақталған (әлеуметтік-құқықтық сипаттағы өтініштерді орындау кезінде белсенді түрде пайдаланылатын қызметкерлердің жалақысы туралы, қызметкерлердің жалақысы туралы мәліметтер, жұмыстан босату туралы бұйрықтар).
Мекенжайы:
070600, Абай  облысы, с. Қалбатау
Оспанов көшесі 11/5
тел/факс: 8(72-347) 6-55-69
8(72-347) 6-23-34
эл.почта: arhiv-zharma.97@mail.ru
background_img.png?_=1716539130