АОМА оқу залының 2024 жылғы 1-жартыжылдықтағы жұмысы туралы
АОМА архивтік ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге байланысты бағытты іске асыра отырып, оқу залының жұмысы жүргізілді. Есепті кезеңде оқу залына «Семей қаласының Шәкарім атындағы университеті» КеАҚ гуманитарлық факультетінің тарих бөлімінің, Alikhan Bokeikhan University және қаланың басқа да жоғары оқу орындары студенттері келді.
2024 жылдың жарты жылдығы ішінде оқу залында: Ахметова Р. Д -«Семей қаласының Шәкарім атындағы университеті» КеАҚ тарих ғылымдарының кандидаты, тарих кафедрасының аға оқытушысы., Нұрғазы Қ.А., Омарбаев К. С., Кариева Т. А- «Семей қаласының Шәкарім атындағы университеті» КеАҚ оқытушылары.; Киун Хван -доктор, Ханьян университетінің Азия-Тынық мұхиты орталығының профессоры (Оңтүстік Корея);. Сабалакова А. У. - ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы филиалының аға оқытушысы; Исакова А. М. - докторант, "А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті" КЕАҚ аға оқытушысы; Ремпель П. Б. - Халықаралық генеалогиялық орталықтың қызметкері; Құрманғалиев И.Р - журналист, "Аспандау" ғылыми-білім беру қорының атқарушы директоры және басқа да зерттеушілер.
Ағымдағы зерттеу тақырыптары: «Әлкей Марғұлан, Қаныш Сәтбаевтардың саяси өмірі мен қызметі», «1940-1955 гг., изучение газет военных и послевоенного периода», «История и становление адвокатуры Семипалатинской области», «1920-1940 ж.ж балалардың қамқорсыз, панасыз дамуы, жетімдер үйінің қызметі», «Развитие Верхне-Иртышского речного пароходства»; «Культурное развитие Семейского региона Восточного Казахстана конец ХІХ- начало ХХ вв»; «История и культура немцев Семипалатинского региона в конце ХІХ - начало ХХ вв»; «Медеу Сәрсеке өмірбаяны»; «В.Н.Кашляк и его роль в изучения Семипалатинского Прииртышья»; «Шығыс Қазақстан территориясындағы депортациялық үдерістер (1937-1957 ж.ж)»; «Семей өңіріндегі 1931-1933 ж. ашаршылықтың зардаптары мен салдары тарихын оқыту контексінде».
Оқу залына -303 келу саны , зерттеушілер саны- 79.
|