Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

2024 жылы құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету және мемлекеттік есепке алу бөлімінің жылдық есебі.

    Құжаттардың сақталуына және мемлекеттік есепке алуына жауапты бөлімнің қызметі бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды: архивтік  құжаттарды сақтаумен сақталуын қамтамасыз ету және құжаттардың мемлекеттік есебін жүргізу. Бөлім қызметкерлері құжаттарды қабылдау және архивке тиімді орналастыру үшін жауапты. Олар оқу залында жұмыс істейтін  зерттеушілерге және архив қызметкерлеріне құжаттарды жұмыс істеу үшін  береді, уақытында қайтарылуын қадағалайды.
     Жыл сайын құжаттардың бар-жоғын, физикалық жай-күйін тексереді. Сондай-ақ құжаттардың сақтау шарттарына, оның ішінде температурамен ылғалдылыққа, санитарлық-гигиеналық нормаларға бақылау жүргізеді. Қажет болған жағдайда құжаттар реставрациялау үшін зертханаға беріледі. 
Бөлім мамандары  жиі студенттер мен мектеп оқушылары үшін архив қоймаларына экскурциялар  өткізіп тұрады.  Реставратор құжаттардың бүтіндігін қалпына келтірумен, оларды толтырумен және түптеумен айналысады, істердің мұқабасын жасайды.
     2024 жылы бөлім қызметкерлері мемлекеттік сақтауға 1946 іс қабылдады: 1422 --тұрақты сақтауға,  294-- жеке құрам, 165-- жеке текті, 65-- ғылыми-техникалық құжаттама; 16835 істің физикалық жай-күйі тексеріді,  275115 іс шаңнан тазартылды және дезинфекцияланды, 8760  іс  картонға салынды, оқу залымен архив қызметкерлеріне  95739 іс  берілді, 781 іс және  9844  парақ қалпына келтірілді, істерді қоймаларда орналастыруды оңтайландыруға байланысты 148 қорда 108045 іс ауыстырылды, 578 қор және сөре көрсеткіштеріне өзгерістер енгізілді.

         

17.01
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь