Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

"Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де архившілер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

         2024 жылғы 23 желтоқсанда "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де архившілер күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
      АОМА  директоры Б. Т. Мусин архившілерді  кәсіби мерекелерімен құттықтап, адал еңбегі үшін алғыс айтып, Д. М. Смағұлова, А. К. Дюсембаева, М. Т. Омарова, Т. О. Қарымсақовты "Алғыс хатпен" марапаттады.
         Бөлім басшыларына М.С. Сүлейменова, Б. Е. Майкенова, М.Ж. Аубакирова, А.Қ. Мұқатова, экономист С. М. Қазиеваға, жинақты құрастырушылардың бірі А. Б. Бижановаға "Семей Ертіс өңіріндегі тың және тыңайған жерлерді көтеру, ХХ ғ. 20-50 жж." атты жаңа құжаттар жинағы табыс етілді.
   Директордың орынбасары М. И. Перебеева Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының архивтеріндегі әріптестерінің кәсіби мерекелерімен құттықтауларын оқыды. Ол біздің мамандығымыздың маңыздылығын атап өтіп, шығармашылық табыс пен зор денсаулық тіледі.
      Архивтің  кәсіподақ ұйымының төрағасы М. Ж. Аубакирова әріптестерін архивші күнімен құттықтап, жас балалары бар архившілерге жаңа жылдық сыйлықтар мен Абай театрына жаңа жылдық шыршаға билеттер табыс етті.
         Соңында АОМА әр бөлімі әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өздерінің өнерлерімен  бөлісті.

    

24.12
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь