Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығы кәсіби мереке-архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
2024 жылы 23 желтоқсанда Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшылығы Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханасында кәсіби мереке-архившілер күніне арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырды.
Архивтің еңбек сіңірген қызметкерлері марапаттар мен алғыс хаттарға ие болды. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Архив саласының үздігі" төсбелгісі ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадыроваға табысталды. Мәдениет және архив саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігінің "Құрмет грамотасымен" АОМА мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің архившісі М.Б. Карандашова марапатталды.
Сондай-ақ, Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Құрмет грамоталарымен АОМА директорының орынбасары М.И. Перебеева, ақпараттық технологиялар бөлімінің архивші-бағдарламашысы Ә. Е. Ахметов, АОМА күзетшісі С.А. Нұрғалиев марапатталды.
Ұйымдастырушылар архившілердің қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, зор денсаулық пен шығармашылық табыс тіледі. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

24.12