«Семей» телеарнасы «Менің көшім» бағдарламасы
2023 жылдан бастап «Семей» телеарнасы «Менің көшім» бағдарламасы аясында көрермендерді қаламыздың көшелерінің тарихымен таныстырып келеді.
9 желтоқсан 2024 жылы бағдарламаның кезекті түсірілімі болды.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Кадырова көрермендерге халық ақыны Шөже Қаржаубайұлы атындағы даңғылдың тарихымен таныстырды.
Архив деректерінде қаламызда дамып келе жатқан көшелермен бірге 1898 жылдары Семей қаласының жоспарында бірнеше көшелер пайда болады. Ең алғашқы көше атауы Лагерная болып аталыпты. Лагерная болып аталуының өзіндік себебі бар, яғни көшеде қалалық әскери лагерьлер тұрғызылған. Осы атаумен 1912 жылға дейін аталған.Одан кейін көше атауы өзгертіліп 1912 жылда 1932 жылға дейін Павловская болып аталады.
Қалалық Кеңестің 23 маусым 1932 жылғы шешімімен Павловская көшесіне революционер, «Народная воля» қоғамының мүшесі Степан Халтуриннің есімі берілді.1993 жылы қалалық әкімдік пен ономастикалық комиссияның шешімімен С.Халтурин атындағы көшенің атауы өзгертіліп, көше кеңейтіліп, даңғылға дейін абаттандырылып, халық ақыны Шөже Қаржаубайұлының есімі берілген.
09.12