«Менің елім, менің жерім Тәуелсіз Қазақстан!» атты дәріс оқыды.
16 желтоқсан еліміз мемлекеттік мереке – Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Осы атаулы күнге орай, «АОМА» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі тақырыптық іс-шаралар өткізуді жоспарлады.
2024 жылы 6 желтоқсанда ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ. Қадырова Тәуелсіздік күніне арналған "Шәкәрім атындағы университет" КЕАҚ үшінші курс студенттеріне «Менің елім, менің жерім Тәуелсіз Қазақстан!» атты дәріс оқыды.
Ол студенттерді Қазақстанның ең көне архивтерінің бірі – Абай облысының мемлекеттік архивінің тарихымен таныстырды, АОМА– да сақталатын қорлар туралы айтып, архив құжаттары 1917 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі ұзақ кезеңдегі ел тарихын жан-жақты көрсететінін атап өтті.
Сонымен қатар желтоқсан оқиғасына қатысқан куәгерлердің өз қолымен жазған естеліктерімен таныстырды. Студенттер тарапынан бір қатар сұрақтар қойылды.
Дәріс соңында қонақтарға «Менің елім, менің жерім Тәуелсіз Қазақстан!» атты тақырыптық-фотоқұжаттық көрме таныстырылды.

06.12