"Қазақстан Республикасы мемлекеттік архивтерінің азаматтық қызметшілерін аттестаттаудан өткізу қағидаларына" сәйкес кәсіптік және біліктілік даярлығының деңгейін, іскерлік қасиеттерін объективті бағалау, мамандардың біліктілік санаттарын белгілеу мақсатында 22 қараша 2024 жылы "АОМА" КММ-да Абай облысы мемлекеттік архивінің, Аягөз филиалының және Бесқарағай аудандық архивінің қызметкерлері үшін аттестаттау өткізілді. Аттестаттаудан өткен мамандар кәсіби білімнің жақсы деңгейін көрсетті.