2024 жылғы 15 қарашада"Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ 90 жылдығына арналған конференция өтті.
Іс-шараға Қазақстанның барлық облыстарынан келген университеттердің профессор-оқытушылар құрамы, Шәкәрім атындағы университеттің оқытушылары мен студенттері қатысты.
Абай облысының мемлекеттік архиві конференция қатысушыларының назарына университет тарихына арналған деректі көрмені ұсынды.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова көрмеге қойылған құжаттарға түсініктеме беріп, іс-шараға қатысушылар мен қонақтардың сұрақтарына жауап берді. Көрме қатысушылардың қызығушылығын тудырды.
Ұйымдастырушылар АОМА қызметкерлеріне ұзақ жыл мерзімдегі бірлескен жұмыс үшін ризашылықтарын білдіріп, алғысхат табыс етті.