Республика күні қарсаңында "Семей" телеарнасына сұхбат.
2024 жылғы 16 қазанда Қазақстандағы Республика күні қарсаңында "Семей" телеарнасының журналистері "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадыровадан сұхбат алды.
Бұл сұхбаттың мақсаты: көрермендерді қаламыздың тарихымен, оның бай мәдени мұрасымен таныстыру. Қонақтарға Алаш партиясының көрнекті өкілдерінің құжаттары, Шәкәрім Құдайбердіұлының бірегей фотосуреті, Әлихан Бөкейхановтың өз қолымен жазған өтініші, 1919 жылғы "Сары-Арқа" газеті және Абай облысының мемлекеттік архивінде сақталған басқа да құнды құжаттар көрсетілді.
16.10