Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

"Архив және болашақ ұрпақ" ашық есік күндері өтті.

2024 жылдың 20 қыркүйегінде Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Абай облысының мемлекеттік архиві" КММ жыл сайынғы ашық есік күнін өткізді. Бұл күні архивке "Alikhan Bokeikhan university" ББ бірінші, үшінші және төртінші курс студенттері және "мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ оқушылары қатысты.
 Аталған іс-шараның мақсаты:жастарды тарихты зерделеуге баулу, Отанға, кіші Отанға патриоттық сезімдерді тәрбиелеу; сондай-ақ архив құжаттарын насихаттау және архив саласының имиджін арттыру.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қонақтардың назарына "Өлке тарихын зерттеушісі Н.Я.Коншиннің 160 жыл" фотокөрмесін ұсынды.
Ол АОМА-ның ғасырлық тарихы туралы айтып берді, студенттерге архив мамандары құрастырған құжаттар жинағы, Абай облысының мемлекеттік архивінде сақталған В.Н.Кашляктың жеке коллекциясынан ескі қаланың фотосуреттері көрсетілді.
Архив қоймасына шолу экскурсиясын Ж.Е.Күйіков пен М. Б. Қарандашова өткізді. Олар студенттердің назарына аса құнды құжаттарды ұсынды және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.
 Ақпараттық технологиялар бөлімінің архивистері А. Е. Ахметов, А. Е. Шалыгин және К. С. Узбаканов архив құжаттарын цифрлық форматқа көшіру үшін заманауи жабдықтардың жұмысын көрсетіп, студенттерге ескірген техника қойылған шағын музейді көрсетті. Е.Д.Бішкенова мәтіні өшіп бара жатқан құжаттардың жұмысы туралы айтып берді.
Реставратор А. Б. Ахметжанова құжаттардың сыртқы келбетін қалпына келтіруді көрсетті.
Соңында қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, естелік ретінде суретке түсті.

 

23.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь