Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

Президент Жолдауы талқыланды

«Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтің 2024 жылы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына арналған «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауын талқылады.

Филиал директоры аталған Жолдау елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолындағы негізгі мәселелерді шешуге бағытталғанын, мемлекет басшысы атап өткен бірнеше маңызды бағыттарды айтып өтті:

1.Заң мен тәртіп: Президент заңның үстемдігі мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің маңыздылығына тоқталды. Бұл шаралар әділеттілік орнатуға және қоғамда сенімділік  арттыруға бағытталған.

2.Экономикалық өсім: Тоқаев экономиканы әртараптандыру, отын және орта бизнесті қолдау, инвестиция тарту және инновацияларды енгізу арқылы елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

3.Қоғамдық оптимизм: Президент халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды қолдап, қоғамдағы оптимизм мен  сенімділікті нығайту қажеттілігіне тоқталды. Бұл бағытта білім беру, денсаулық сақтау салаларын дамыту және халықтың өмір сүру денгейін көтеру маңызды рөл атқарды.

Сонымен қатар, Президент жолдауында Атом электр стансасын салу мәселесіне де айтылды. Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтің тағы бір айқын көрініс болмақ. 

03.09
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь