Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай.
2024жылдың 29 тамызында Абай облысының мемлекеттік архиві Семей ядролық полигонының жабылғанына 33 жыл толуына орай, «АӘҚМБҚО» КММ Семей қ. (№8 балалар үйі) «29 тамыз Семей сынақ полигонының жабылған күні» көшпелі көрмесін ұйымдастырды.
Көрменің мақсаты: Семей ядролық полигонының құрылу және жұмыс істеу тарихын, оны жабу үшін "Невада – Семей" антиядролық қозғалысының күресін жарыққа шығару туралы баяндау.
Көрме полигон қызметінің барлық кезеңін, ядролық жарылыстардың салдарын, полигон қызметін тоқтатқаны үшін республикамен Семей облысы халқының қарсылығын көрсетті.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова оқушыларға АОМА-де сақталған құжаттар мен фотосуреттерді көрсетті.
Кездесу соңында тәрбиеленушілерге Архивте шығарылған "Противостояние" құжаттар жинағы сыйға тартылды.
27.08