26 тамыз күні «Абай облысының мемлекеттік архиві» КММ-нің Жарма филиалының қызметкерлері арасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбында отырыс өтті. Отырыс барысында филиал директоры сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі туралы айтты. Сондықтан да, бұл дерттің жаппай жойылу жолын әр азаматтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы санасын қалыптастырудан бастауымыз керек екендігі туралы пікір айтылды. Сонымен қатар, филиалдың фойесінде «Жемқорлыққа жол жоқ» стенді орналасқан.