Павлодар қаласында «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті.
22-23 тамызда 2024 жылы Павлодар қаласында «Архивтік құжаттарды насихаттау және пайдалану» тақырыбында өңірлік семинар болып өтті. Семинарға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің, Абай, Ұлытау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарынан облыстық архив мекемелерінен өкілдер қатысты.
Әр өңірден келген өкілдердің баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ Абай облысының мемлекеттік архиві ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қадырова «Архив құжаттарын ғылыми айналымға енгізу және жариялау тәжірибесінен» тақырыбында баяндама ұсынды. Семинарға қатысушылар архив ісі саласына қатысты заңды жобаларды талқылады. Бөлім басшысы Л.Қадырова Павлодар облыстық «Ертіс» телеарнасына өңірлік семинар жұмысы жайлы және архившілердің Архивтік құжаттарды қоғам мүддесі үшін пайдалану тәжірибесімен алмасуы туралы сұқбат берді.
26.08