2024 жылғы 08 тамызда "АОМА" КММ кәсіподақ комитетінің төрағасы М.Ж. Аубакирова және ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова 10 тамызда атап өтілетін Абай күніне байланысты іс-шара барысында архивтің жас қызметкерлерінің алдында сөз сөйледі. Жас архившілердің назарына АОМА – да сақталған және Абай ұрпақтары -Тұрағұл Ибрагимовтың және Шәкәрім Құдайбердиевтің шығармашылығы туралы куәландыратын құжаттар ұсынылды. АОМА басылымдары көрсетілді, онда олар өз орнын және осы бірегей құжаттарды тапты.