"Семей" телеарнасында "Менің көшем" бағдарламасы
2024 жылдың 24 маусымында "АОМА" КММ-не "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі үшін "Семей" телеарнасының журналистері келді.
"АОМА" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова Әсет Найманбаев пен Алаш Қозбағаров көшелерінің тарихы туралы сұхбат берді.
1877 жылдан 1932 жылға дейін Найманбаев көшесі Солдатская көшесі болып аталған. 1932 жылы ол Красногвардейская болып өзгертілді. 1936 жылға дейін осылай аталды. 1936 жылдан 1993 жылға дейін көше Красноармейская болып келді.
1993 жылдан қазіргі уақытқа дейін көше әйгілі қазақ ақыны, композитор Әсет Найманбаевтың құрметіне аталады.
ҚР еңбек сіңірген дәрігері, медицина ғылымдарының докторы, Семей облыстық акушер-гинекологтар ғылыми қоғамының негізін қалаушы Алаш Қозбағаровтың есімімен аталған көшенің тарихы да қызықты.
1878 жылы Локтевская көшесі деп аталды.
1924 жылы көше атауы Октябрьская болып өзгертілді. 1991 жылдан бастап көше атауы өзгертіліп, Алаш Қозбағаровтың есімі берілді.
24.06