«Ұлылар мекені....» атты ғылыми-танымдық экспедициямен кездесу.
2024 жылы 21 маусымда «Облыстық Абай атындағы әмбебап кітапханасы» КММ-де «Ұлылар мекені...» ғылыми-танымдық экспедиция мүшелерімен дөңгелек үстел отырысы өтті.
Отырысқа Астана қаласынан зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, қаламыздың ақсақалдары, мемлекеттік ұйымдар мекемелерінің қызметкерлері, Абай музейінің директорының орынбасары М.С.Қайранбаева, «Абай облысы мемлекеттік архиві» КММ ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы, Л.К.Қадырова қатысты.
Экспедиция құрамында белгілі ақындар Қалқаман Сарин мен Дәулеткерей Кәпұлы болды. Қатысушылар түрлі тақырыпта баяндамалар ұсынып, өз ойларын ортаға салды. Л.Қ.Қадырова «Әкелі балалы қос тұлға Шәкәрім мен Ахаттың архив қорындағы құжаттары жайлы» тақырыбында архив деректері бойынша баяндама оқыды. Кездесу қонақтары мен экспедиция мүшелері арасында пікір алмасу өтті. Дөңгелек үстел отырысының қорытындысы бойынша баяндамалар мен презентацияларда көрсетілген ақпаратты ескере отырып, бірлескен қызмет бағыттары ұсынылып, өзара іс-қимыл жолдары белгіленді.
21.06