2024 жылғы 12-14 маусым аралығында Алматы қаласы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Президентінің архиві мен Ресей мемлекеттік гуманитарлық университетімен және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен бірлесіп ұйымдастырған VII Халықаралық жас архившілер жазғы мектебі аясында іс-шаралар өтті.
Мектеп жұмысына Абай облысы мемлекеттік архиві мамандары - толымдау және ведмостволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Әлия Нәбиева және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің архившісі Сымбат Ақшабаева қатысты.
Жазғы мектеп цифрлық трансформация жағдайында архивтерді жинақтаудың өзекті мәселелеріне арналды. Қатысушылар архив қорын қалыптастыру, сонымен қатар электрондық құжаттармен жұмыс мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың, сарапшылар мен практик-мамандардың дәрістері, семинарлары мен шеберлік сабақтарын тыңдады.
Мектеп жұмысының соңында жас архившілер өздері әзірленген жобаларды қорғап, сертификаттар алды.