"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізілуде.
2024 жылдың сәуір айынан бастап Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен республикамызда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өткізілуде.
Айналаны уақтылы тазалап отыру оны таза және ұқыпты ұстауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде жағымды әсер қалдыру үшін ғана қажет емес – жиналған жер адамдардың қозғалысы үшін әлдеқайда қауіпсіз болады.
Абай облысы мемлекеттік архиві қызметкерлері республикалық акцияны қолдап, өз үлестерін қосты: апта сайын тротуарлардағы, көгалдардағы қоқыстарды тазалады, архивқа іргелес гүлзарларға күтім жасады, сондай-ақ ғимараттың сыртқы келбетін бақылауда ұстады. Жалпының күш-жігермен АОМА-нің айналасындағы барлық жер тазаланып, гүлденді.
14.06