Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында «Қасірет пен тағзым» тақырыбында кеш өтті.
2024 жылдың 29 мамырында "АОМА" КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К.Қадырова 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні аясында Абай атындағы облыстық кітапханада «Қасірет пен тағзым» тақырыбында өткен еске алу кешіне қатысты.
Шарада Абай музейінің ғылыми қызметкері Қуат Қиықбай және қаланың кітапханашылары болды.
Л.Қ.Қадырова өз баяндамасында біздің өңірде 2021 жылдан бері жұмыс істеген саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның жұмысының нәтижесі туралы айтып берді. Сонымен қатар, Жазушы Қ.Мұхамедхановтың анасы Сейітқұлова Мақыпжамалдың облыстық прокуратураға жазған шағым хатымен таныстырды.
Шараға қатысушылар баяндамашыларға өз алғыстарын білдірді.
30.05