"Семей цемент зауыты" ЖШС-де «Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы» атты көшпелі көрмесі
2024 жылдың 28 мамырында Абай облысы мемлекеттік архивінің архившілері мен толымдау және ведомстволық архивтер мен құжаттаманы тексеру бөлімінің архившісі Р.А. Найзабаева зауыт өкілдерімен келісе отырып, "Семей цемент зауыты" өндірістік компаниясы "ЖШС-де "Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы" атты көшпелі құжаттық көрмесін ұйымдастырды. Көрме саяси қуғын-сүргін күніне орайластырылған.
Көрмеде Ә. Бөкейханов, М. Тұрғанбаев және Ж. Аймауытовтың фотосуреттері, олардың жеке карточкалары, сауалнамалары, хаттары, губревком отырыстарының хаттамаларынан үзінді көшірмелер ұсынылған.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова облыстық архивте сақталған Алаш қайраткерлерінің құжаттары туралы айтып берді.
Көрме зауыт жұмысшыларын құжаттармен таныстырды және қызығушылықтарын туғызды.
28.05