Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

"Семей" телеарнасы "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі.

  2024 жылдың 23 мамырында қаламыздың оң жағалауында орналасқан Бекен Жамақаев атындағы көшенің тарихына арналған "Семей" телеарнасы "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті.
ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова көрермендерге 1898 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың қаңтарына дейін көше Загородная деп аталғанын айтты.
    1935 жылы 29 қаңтарда қазақ ақыны, классик Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 30 жыл толуына орай Шығыс Қазақстан облыстық атқару комитетінің төралқасы қаулы етіп: Абай өмір сүрген қала сыртындағы көше атауын Абай атына өзгертті.
     Қала тұрғындарының көптеген өтініштеріне және облыстық "Қазақ тілі" ұйымының қала көшелеріне белгілі адамдардың есімдерін беру туралы өтініштеріне байланысты, 1991 жылдың 18 қыркүйегінде Абай көшесінің атауы өзгертіліп, қазақ композиторы, "қазақ вальстарының патшасы", Қазақ КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері Бекен Жамақаевтың есімі берілді.

24.05
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь