"Жақия Шайжүнісов атындағы Электронды колледж" КММ студенттеріне саяси қуғын-сүргін күніне арналған дәріс.
2024 жылы 27 мамырда "АОМА" КММ-де "Жақия Шайжүнісов атындағы Электронды колледж" КММ студенттеріне ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова саяси қуғын-сүргін күніне арналған дәріс өткізді.
Дәріс барысында "Алаш Орда" қайраткерлерінің фотосуреттері мен құжаттары көрсетілді, студенттердің назарына "Абай облысындағы кеңестік қуғын-сүргін зобалаңы" фотокөрмесі ұсынылып, студенттердің қызықтырған сұрақтарына жауап берілді.
Соңында мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.С. Сүлейменова архив қоймасына шолу экскурсиясын өткізді, студенттерге АОМА қорлары және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.
27.05