Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына арналған іс–шара
2024 жылдың 12 наурызында АОМА-нің ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімі архившілері халық ақыны, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына арналған іс–шара өткізді. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ студенттеріне атақты жерлесіміздің өмірі мен шығармашылығы туралы дәріс оқыды.
АОМА-дағы газет қорларында кездесетін Т.Көбдіковтың өлеңдері туралы айтты. Лаура Қабдылғазықызы осы өлеңдердің бірін студенттерге оқып берді.
Дәстүр бойынша іс-шара архив қоймасына экскурсиямен аяқталды. Мемлекеттік есепке алу және құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету бөлімінің басшысы М.С. Сүлейменова қонақтарға АОМА қорлары және құжаттарды сақтау шарттары туралы айтып берді.