"Невада - Семей" антиядролық қозғалысына 35 жыл толуына орай фотокөрме көрсетілді
2024 жылғы 29 ақпанда "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ-де өткен шараға "Шәкәрім атындағы Университет" КЕАҚ екінші курс студенттері қатысты. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова қонақтарды "Невада - Семей антиядролық қозғалысына 35 жыл" фотокөрмесімен таныстырды. Л. К. Қадырова студенттерге 1989 жылы пайда болған "Невада – Семей" халықаралық антиядролық қозғалысының тарихы туралы айтты. Қозғалыстың ұйымдастыру кеңесін Олжас Сүлейменов басқарды. Ол қозғалыстың мақсаты Қазақстандағы Семей ядролық полигонының қызметін тоқтату және бүкіл әлемде ядролық қаруды сынауға тыйым салу болды. Студенттердің назарына "АОМА" КММ қорларында сақталған құжаттар негізінде шығарылған «Противостояние», «Казахстан за безъядерный мир» жинақтары және «Невада – Семипалатинск» брошюрасы ұсынылды.