"АОМА" КММ ұжымында көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасқан. Солардың бірі-денсаулық күні. Мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев 01.09.2021 жылғы Қазақстан халқына жолдауында: Дене шынықтыру денсаулықтың кепілі болып табылады,- деп атап өтті. 2024 жылғы 24 ақпанда "Абай облысы мемлекеттік архиві" КММ басшылығы кәсіподақ комитетімен бірлесіп "Тисса" шаңғы базасына қарағайлы орманға баруды ұйымдастырды. Архив қызметкерлері орманда серуендеп, түрлі ойындар ойнап шаңғы тепті. Спорттық іс – шаралардың басты мақсаты-архив қызметкерлерінің тұрақты спортпен шұғылдануға деген қызығушылығын арттыру, бұл ұжымдағы денсаулық пен моральдық ахуалды жақсартуға алып келеді. Денсаулық күні ұйымдасқан және қызықты өтті. Бұл күн барлығына сергектік, жақсы көңіл-күй сыйлады және жарқын әсер қалдырды!