"АОМА" КММ қызметкері Абай облысы филиалының ХҚКО бойынша Семей қаласының № 3 бөлімінің инспекторларына семинар өткізді.
2024 жылғы 21 ақпанда "АОМА" КММ әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы М. Ж. Аубакирова "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Абай облысы филиалының ХҚКО бойынша Семей қаласының № 3 бөлімінің инспекторларына семинар өткізді. Семинар барысында «АОМА» КММ-нің әлеуметтік құқықтық сипаттағы сұраныстарды орындау бөлімінің басшысы ХҚКО мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының мамандарын «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру» мемлекеттік қызметі "Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы № 159 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2021 жылғы 19 қазандағы № 312 бұйрығының ережесіне сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларымен таныстырды. Сондай-ақ, «Электрондық үкімет ҚР» веб-порталы (Е-gov) арқылы мемлекеттік қызметтің сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету, бірлескен жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізілді.
Интернет арқылы мемлекеттік қызметтерді жеңілдету азаматтар үшін жауап алу рәсімін барынша ыңғайлы етеді, уақытты үнемдейді, әкімшілік кедергілерді еңсеруге және компьютерлік сауаттылықты арттыруға қызмет етеді. «АОМА» КММ осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда және жетілдірілуде, халық мемлекеттік қызметтерді алудағы жаңалықтарды тез игеруде. Сонымен қатар, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары белсенді жүргізілуде.