2024 жылы "Менің көшем" бағдарламасының аясында "Семей" телеарнасы көрермендерді қаламыздың көшелерінің тарихымен таныстыруды жалғастыруда. 2024 жылдың 15 ақпанында қаламыздың орталық бөлігінде орналасқан Мәңгілік ел көшесінің тарихына арналған "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі өтті. ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л. К. Қадырова телекөрермендерге 1878 жылдан 1911 жылға дейін көше Новобазарная деп аталғанын айтып өтті. 1911 жылы шаруалардың крепостнойлық тәуелділіктен азат етілуінің елу жылдығына байланысты, Новобазарная көшесі Александровская деп өзгертілді. 1920 жылы Александровская көшесі Октябрь революциясының бас ұйымдастырушысы және жетекшісі, РСФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің бірінші төрағасы атымен Ленин көшесі болып өзгертілді. 98 жыл бойы көше атауы өзгеріссіз қалды. 2018 жылдан бастап көше Мәңгілік ел деп аталады.