Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің «Ұлттық сезім» деп аталған тамаша бастамаға Жарма филиалының қызметкерлері де ат салысуда. Жоба аясында әр аптаның жұма күні жұмысқа үлттық киіммен келіп, ұлттық құндылықтарға құрмет көрсету көзделген. Архив қызмткерлері ұлттық мәдениетті насихаттай отырып, халықты ұлттық бірегейлікті жандандыруға өз үлесін қосуда.