Шәкәрім мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа жаңашыл бағыт-бағдар беру.
2024 жылы 30 қаңтарда «АОМА» КММ ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.Қ.Қадырова Абай ауданы Кеңгірбай би (Би ата) ауылындағы Шәкәрім атындағы орта мектепте кездесуге қатысты. Бұл шара республикалық Досболlike жобасы аясында өткізілді. Л.Қ.Қадырова Шәкәрім Құдайбердіұлының тау жотасында түскен үшінші фотосуретінің табылу тарихына кеңінен тоқталып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Шараның мақсаты: Шәкәрім мұрасын насихаттау, жас ұрпаққа жаңашыл бағыт-бағдар беру. Кездесу соңында мектеп ұжымы Л.Қ.Қадыроваға зор алғыстарын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.