Меню KDT
МЕНЮ
logo2.png?_=1716808121
Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының
«Абай облысы мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жаңалықтар

"АОМА" КММ-не "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі үшін "Семей" телеарнасының журналистері келді.

                  2024 жылдың 11 сәуірінде "АОМА" КММ-не "Менің көшем" бағдарламасының кезекті түсірілімі үшін "Семей" телеарнасының журналистері келді.
      "АОМА" КММ  ҒАА және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Л.К. Қадырова Мағжан Жұмабаев пен Міржақып Дулатов көшелерінің тарихы туралы           сұхбат  берді.
                1878 жылдан 1922 жылға дейін Жұмабаев көшесі Никольская алаңындағы ескі базарға апартын жол болғандықтан,  Базар көшесі деген атау берілген  еді.       1922 жылы ол Гаспринская болып өзгертіліп, 1938 жылға дейін осылай аталды. 1938 жылдан 1991 жылға дейін көше Ворошиловтың есімімен аталды.
                1991 жылдан қазіргі уақытқа дейін көше көрнекті қазақ жазушысы, ақын, публицист Мағжан Жұмабаевтың құрметіне оның есімімен аталады.
     Ақын, жазушы, публицист,"Алаш-Орда" үкімет көшбасшыларының бірі есімімен аталған Міржақып Дулатов атындағы көшенің тарихы да қызықты.
                1877 жылы көшеде  телеграф ғимараты болғандықтан Телеграф көшесі деп аталды.
                1915 жылы көше  атауы Орталық Азияның орыс зерттеушісі Г. Н. Потаниннің құрметіне өзгертілді.
                1936 жылдан 1991 жылға дейін көше Бүкілресейлік Орталық атқару комитетінің төрағасы М.Калининнің есімімен аталды.
                1991 жылдан бастап көше атауы өзгертіліп, Міржақып Дулатовтың есімі берілді.

11.04
0


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь